Рубрика: Тәрбие үрдісі

“Дүниежүзілік балалар күніне” арналған 19.11-26.11 күндері аралығындағы республикалық онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар жоспары бойынша МДТЖО жетекшісі Дүйсен А. оқушыларға арналған “Зорлық-зомбылықтың салдары” тақырыбында ІІМ-ге танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында оқушыларға Түпқараған АПБ бастығы, полиция подполковнигі А. Бекмурзин және Түпқараған АПБ Кезекші бөлімінің бастығы, полиция майоры Д. Саркенов бөлімнің жұмысы мен зорлық-зомбылықтың құқықтық жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берді.…

📚 “Отанды сүйген жазушылар” мәнерлеп оқу сайысы өтті Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына және Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай мектебімізде “Отанды сүйген жазушылар” атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты: – Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларын дәріптеу; – Оқушылардың көркем мәтінді мәнерлеп оқу дағдысын дамыту; – Сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Жеңімпаздар: Бас жүлде: • Қайырбай Аңсар 1-орын: •…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясына арналған апталық жоспар бойынша мектебімізде жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Түпқараған ауданы ПБ ҚҚб отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Байгуренова Гүлжан, Түпқараған орталық аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы…

Бүгін мектебімізде оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде, әсіресе өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету ережелері түсіндірілді. Қауіпсіздік мамандары оқушыларға өрттің алдын алу жолдарын, қауіпті аймақтан дер кезінде эвакуация жасау тәсілдерін, өзін және өзгелерді қорғау шараларын жан-жақты түсіндіріп, арнайы оқыту видеороликтерін көрсетті.

Шараның мақсаты — балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде абдырамай, дұрыс шешім қабылдай білуіне жол ашу. Оқушыларымыздың қауіпсіздігі — басты назарда! #1tutas_tarbie_mangystau #birtutas_tarbie2024 #oqu_agartu_ministrligi #rumcdo_official #mangystau_obl_bilim_baskarmasy #mangystau_obl_adistemelik #tupkaragan_bilim #tup_oqu_adistemelik_ortaligy

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында 7–8 сынып оқушыларына “Зорлық-зомбылықсыз әлем” тақырыбында тренинг өтті.

Оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және өзара құрмет мәдениетін нығайтуға бағытталған тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында оқушылар: – зорлық-зомбылық түрлерімен танысты; – қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажыратуды үйренді; –…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспарына сәйкес мектебімізде “Зорлық-зомбылықсыз әлем” атты 6–10 сыныптар арасындағы стенд жасау байқауы өтті.

Оқушылар өз шығармашылығы мен азаматтық ұстанымын көрсетіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру тақырыптарын түрлі мазмұндағы ақпараттық стендтер арқылы жеткізді. Балалардың еңбектері — бейбітшілік пен мейірімділікке шақырған жарқын үн! Қатысқан…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспары бойынша мектебімізде “Менің қауіпсіз ортам” атты сурет байқауы өтті.

Оқушылар өздерінің қауіпсіздік туралы түсініктерін, мейірім мен құрметке негізделген ортаға деген көзқарастарын шығармашылық туындылары арқылы бейнеледі. Әр сурет – балалардың қауіпсіз, жарқын, достыққа толы әлемге деген ниетінің көрінісі. Байқауға белсенді…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспар бойынша мектебімізде “Біз зорлыққа қарсымыз” атты спорттық эстафета өтті.

Эстафетаның мақсаты — оқушыларды бірлікке, салауатты өмір салтына, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы көзқарасты қалыптастыру. Балалар белсенділік танытып, спорттық жарыста өз шеберліктерін көрсетіп, бейбіт…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспары бойынша мектебімізде “Біз буллингке қарсымыз!” атты челлендж ұйымдастырылды.

Челлендждің мақсаты — оқушылар арасында өзара сыйластықты нығайту, буллингтің кез келген түріне қарсы мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз мектеп ортасын дамыту. #1tutas_tarbie_mangystau #birtutas_tarbie2024 #oqu_agartu_ministrligi #rumcdo_official #mangystau_obl_bilim_baskarmasy #mangystau_obl_adistemelik #tupkaragan_bilim #tup_oqu_adistemelik_ortaligy