04 желтоқсан күні 11-сынып оқушыларының оқу үлгерімі, Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту форматы және оқушылардың дайындығы бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
Мектеп директоры оқушылардың дайындалуына ұсынылатын ресми білім платформалары туралы ақпарат беріп, алынған тест жұмыстарының нәтижелерін ата-аналарға таныстырды.
Пән мұғалімдері негізгі және таңдау пәндері бойынша оқушылардың қазіргі оқу деңгейін талдап, қосымша дайындықтың қажеттілігі жөнінде баяндама жасады.
Жиналыс ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.
