Іс-шараға Түпқараған ауданы ПБ ҚҚб отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Байгуренова Гүлжан, Түпқараған орталық аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Г. Изтлеуова, сондай-ақ мектеп мейірбикесі Балғабаева Алтынай қатысып, оқушыларға өз құқығын білу, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары, жеке бас гигиенасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында оқушыларға пайдалы кеңестер ұсынылып, ашық сұхбат жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтық мәдениетін көтеру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға баулу және зорлық-зомбылыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.