Экскурсия барысында оқушыларға Түпқараған АПБ бастығы, полиция подполковнигі А. Бекмурзин және Түпқараған АПБ Кезекші бөлімінің бастығы, полиция майоры Д. Саркенов бөлімнің жұмысы мен зорлық-зомбылықтың құқықтық жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.