Оқушылар назарына
“Психологиялық қолдау орталығының психологиялық көмек беруі бойынша Сенім телефоны “7292” болып өзгертілгенін хабарлаймыз.
Мектеп миссиясы: Білімді, сыни ойлайтын, шығармашыл, өзгерістерге бейім, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
“Психологиялық қолдау орталығының психологиялық көмек беруі бойынша Сенім телефоны “7292” болып өзгертілгенін хабарлаймыз.
Қадыр Мырза Әли – қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі, халық ақыны, жазушы және драматург. 2025 жылы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толып отыр. Бұл мерейтой ақынның рухани мұрасын насихаттау…
Мектебіміздің алтын белгіге үміткер 11-сынып оқушысы Сайлаубай Альбина ҰБТ-ден 130 бал жинады. Жарайсың, Альбина! Мектеп мерейін үстем қылатын мақтаныштарымыз көп болсын! Алдағы тестілеу сынағына қатысатын оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында мектеп мейірбикесі Ф. Жумагулова МАД сыныбының оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді Мақсаты: оқушылардың дұрыс тамақтану,қозғалыс, тыныш ұйқы, күн тәртібін сақтау және СӨС өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Халықаралық республикалық робототехника фестивалінің облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Ізтұрған Асқар мен Ерік Бекарыс жүлделі 3-орынды иеленді. Жетекшісі: Рахымберенова Гүлназ
💡9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінде мектебіміздің 11-сынып оқушысы Сайлаубай Альбина ІІ дәрежелі димпломмен марапатталды👏🏻👏🏻👏🏻💐 Жетекшісі қазақ тілі пәні мұғалімі Қанжан Гүлшат…
2025 жылы 17 қаңтар күні Маңғыстау облыстық Білім басқармасының Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының 2025 жылғы жоспарына сәйкес Түпқараған аудандық Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың эстетикалық және…
“Ә.КЕКІЛБАЙҰЛЫ ОҚУЛАРЫ-2024”Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарына мектебіміздің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Қанжан Гүлшат Тәуірханқызының “Әбіш Кекілбаев — сырлы суреткер” тақырыбындағы мақаласы жинаққа енді. Құттықтаймыз!
☝️ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік). ✔️Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3; ✔️Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3; ✔️Қазақстан тарихы –…