Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы, бүгінгі ұрпаққа аманат болған ұлы құндылық. Егемен еліміздің жетістіктері – баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Қазақстанымыздың абыройы асқақтап, әлем алдындағы мәртебесі әрдайым биік болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасқан ел болайық! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемел келешегі жолындағы әрбір игі іс табысқа жетсін!
💙 КӨК ТУЫМЫЗ МӘҢГІ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕСІН! 🇰🇿
Ізгі тілекпен,
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры
Икаева Ұлболсын Камидуллаевна

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *