⚜️Қадыр Мырза Әли – қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі, халық ақыны, жазушы және драматург. 2025 жылы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толып отыр. Бұл мерейтой ақынның рухани мұрасын насихаттау және жас ұрпақты әдебиетке баулу үшін маңызды оқиға болып табылады.
🔰Осыған орай Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімдері Орынбасарова Мадина мен Бегейқызы Гүлшат және мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Қазақ жырының Қадыры» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті. Іс-шара Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына арналған бейне баянмен ашылды. Кеш барысында викториналық сұрақтар қойылды. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, сөзіне жазылған әндерді орындады. Оқушылар шығармақылық қабілеттерін шыңдап, көрермен көз айымы бола білді.
⚜️Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығы – қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеп, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің тамаша мүмкіндігі. Бұл мерейтой арқылы біз ақынның рухани әлемін жаңғыртып, оның шығармашылығының тереңдігі мен маңыздылығын қайта аша аламыз.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *