2025 жылы 17 қаңтар күні Маңғыстау облыстық Білім басқармасының Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының 2025 жылғы жоспарына сәйкес Түпқараған аудандық Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың эстетикалық және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында “Ұлтымыздың ұлттық ойындары — тәлім-тәрбиенің көзі” тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға облыстық білім беру ұйымдарынан 40-қа жуық мұғалім қатысты. Семинарда Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының білікті мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар бағдарламасына сай Тулегенов Қуантхан, Құлберген Ақтоты, Саденов Берік, Қалдығұлова Гүлзира, Азанова Әсем, Иса Келбет, Тажиғараев Бақытжан, Түркменбаев Талғат өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, облыстық дене тәрбиесі орталығының “Алғыс хатымен” марапатталды. Қорытындысында, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, оқу процесіндегі әдіс-тәсілдерді атап өтті.
Іс-шараның қорытындысында Маңғыстау аймақтық дене тәриесі орталығының директоры Қабақов Али Рзабекович, Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы Утесбаева Айбаршын Қуанышқалиевна қатысвп, сөз сөйледі. Мектеп директоры Б. Тажигулова семинар бағдарламасымен таныстырып, тәжірибесімен бөліскен әріптестеріне қысқаша тоқтала отырып, келген қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, естелік сыйлықтарды табыстады.
А. Р. Қабақов семинарға қатысушылардың пікірін қорытындылай келе алдағы жұмыстарға сәттілік тілей отырып, сертификаттарды табыстап, естелік суретке түсті. Семинар өз мәнінде жоғары деңдей өтті.