“ДосболLIKE – достыққа қадам жаса!” Мектебімізде республикалық акция өтті

Оқушыларды өзара сыйластыққа, түсіністікке, мейірімге шақыратын “ДосболЛайк” республикалық акциясы мектепте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында түрлі қызықты тапсырмалар, постер қорғау, танымдық ойындар өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсетудің үлгісін…

Үздік тарих және құқық пәні мұғалімі” облыстық олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Нұрғалиқызы Гаухар өз кәсіби шеберлігін көрсетіп, III орын иеленді! 🎉 Гаухар Нұрғалиқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆 Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!

Балалардың түнгі уақытта қауіпсіздігін сақтау мақсатында Маңғыстау облыстық полиция департаментімен бірлесіп “Түнгі қаладағы балалар” атты акция өткіздік.

Мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. #1tutas_tarbie_mangystau #birtutas_tarbie2024 #oqu_agartu_ministrligi #rumcdo_official #mangystau_obl_bilim_baskarmasy #mangystau_obl_adistemelik #tupkaragan_bilim #tup_oqu_adistemelik_ortaligy

14 қараша күні мектебімізде «Цифрлық дәуірдің ұстазы – тек білім беруші емес, білім іздеуді үйретуші» атты мектепішілік семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданудың жолдарын көрсету және оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту. Іс-шара бағдарламасы аясында төмендегі сабақтар мен шеберлік сағаттары…

Мектебімізде кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында жиналыс өтті.

Полиция қызметкерлері оқушыларға: • құқық бұзушылық жасаған жағдайда профилактикалық есепке қойылатынын; • үнемі бақылауда болатынын; • темекі мен алкоголь өнімдерінен, психотроптық заттардан аулақ болу қажеттігін ; • топтық төбелес, буллинг…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Даналық мектебі» жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында 14 қараша күні мектебімізде аталарға арналған “Менің атам” тақырыбында қызықты шеберлік сабағы өткізілді.

Оқушылар өз аталарымен бірге ағашқа сурет салып, креативті идеяларын жүзеге асырып, ерекше әсер алды. Ұрпақ арасындағы байланысты нығайтқан бұл шара бәріне ортақ жылы естелік сыйлады. Шараның мақсаты: – Аталар мен…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған “Жырлайды жүрек Шәмші әнін” атты әсерлі кеш өтті. Шараның мақсаты: Ұлы композитордың мәңгілік мұрасын насихаттау, оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және эстетикалық тәрбие беру.

Кеш барысында 5–7 сынып оқушылары Шәмші Қалдаяқовтың жүрекке жеткен әуезді әндерін орындап, әндеріне қойылған көріністер арқылы композитор шығармашылығын жан-жақты танытты. Оқушылар мен ұстаздар қауымы Шәмші әндерінің мәңгілік сазына бөленіп, рухани-мәдени…