Оқушылар өз аталарымен бірге ағашқа сурет салып, креативті идеяларын жүзеге асырып, ерекше әсер алды. Ұрпақ арасындағы байланысты нығайтқан бұл шара бәріне ортақ жылы естелік сыйлады.
Шараның мақсаты:
– Аталар мен немерелер арасындағы ынтымақ пен жылылықты арттыру;
– Ұрпақтар сабақтастығын насихаттау;
– Шығармашылық қабілетті дамытып, бірлескен еңбекке баулу;
– Отбасылық құндылықтардың маңызын көрсету.
Жылы эмоцияға толы, қуаныш сыйлаған шеберлік сабағы бәрінің жүрегінен орын алды. 
Шараға қатысқан барлық ата-немерелерге алғыс айтамыз! 
