Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданудың жолдарын көрсету және оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту.
Іс-шара бағдарламасы аясында төмендегі сабақтар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды:
Семинар барысында әр педагог өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру процесінде қолдануға болатын заманауи цифрлық құралдарды таныстырды. Жасанды интеллектті сабаққа кіріктірудің тиімді жолдары, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру әдістері және цифрлық дағдыларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Іс-шара ұстаздарға жаңаша ойлау, тәжірибе алмасу және цифрлық білім беру кеңістігінде кәсіби өсуді жалғастыруға үлкен мүмкіндік берді.