Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясы мен МКҚК “Ақбота” бөбекжайы арасындағы сабақтастық аясында “Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен” атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты: Бөбекжай мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту, балалардың мектепке дайындығын арттыру, білім беру үдерісінің бірізділігін сақтау, сондай-ақ ата-ана мен педагогтар арасындағы тиімді серіктестікті дамыту. Сонымен қатар салауатты өмір салтын…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспарына сәйкес мектебімізде “Зорлық-зомбылықсыз әлем” атты 6–10 сыныптар арасындағы стенд жасау байқауы өтті.

Оқушылар өз шығармашылығы мен азаматтық ұстанымын көрсетіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру тақырыптарын түрлі мазмұндағы ақпараттық стендтер арқылы жеткізді. Балалардың еңбектері — бейбітшілік пен мейірімділікке шақырған жарқын үн! Қатысқан…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспары бойынша мектебімізде “Менің қауіпсіз ортам” атты сурет байқауы өтті.

Оқушылар өздерінің қауіпсіздік туралы түсініктерін, мейірім мен құрметке негізделген ортаға деген көзқарастарын шығармашылық туындылары арқылы бейнеледі. Әр сурет – балалардың қауіпсіз, жарқын, достыққа толы әлемге деген ниетінің көрінісі. Байқауға белсенді…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспар бойынша мектебімізде “Біз зорлыққа қарсымыз” атты спорттық эстафета өтті.

Эстафетаның мақсаты — оқушыларды бірлікке, салауатты өмір салтына, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы көзқарасты қалыптастыру. Балалар белсенділік танытып, спорттық жарыста өз шеберліктерін көрсетіп, бейбіт…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспары бойынша мектебімізде “Біз буллингке қарсымыз!” атты челлендж ұйымдастырылды.

Челлендждің мақсаты — оқушылар арасында өзара сыйластықты нығайту, буллингтің кез келген түріне қарсы мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз мектеп ортасын дамыту. #1tutas_tarbie_mangystau #birtutas_tarbie2024 #oqu_agartu_ministrligi #rumcdo_official #mangystau_obl_bilim_baskarmasy #mangystau_obl_adistemelik #tupkaragan_bilim #tup_oqu_adistemelik_ortaligy

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспар бойынша мектебімізде “Кибербуллинг деген не?” тақырыбында дебат өтті.

Дебат барысында оқушылар кибербуллингтің түрлері, оның тұлғалық дамуға әсері, интернеттегі этика мен қауіпсіздік ережелері туралы өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар мәселені талқылап қана қоймай, оны алдын алу жолдары мен құрдастар…

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына арналған апталық жоспар аясында мектебімізде “Буллингті тоқтат!” атты флешмоб ұйымдастырылды.

Флешмобтың мақсаты — оқушылар арасында мейірім, достық, өзара сыйластық құндылықтарын насихаттау және буллингтің кез келген түріне қарсы орта қалыптастыру. Оқушылар бірлескен қимылдар арқылы “Буллингке жол жоқ!” деген бастаманы қолдап, қауіпсіз…

“Жаратылыс сыры — ғылымда” атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында география пәні мұғалімдері Санабаева Хатира мен Мухамедиярова Шара “Шығыстың жарық жұлдызы” атты квест ойынын өткізді.

Нәтижесінде: 1-орын — 9 “А” сыныбы 2-орын — 9 “Б” сыныбы 3-орын — 9 “Ә” сыныбы Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін үлкен алғыс білдіреміз!

«Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» республикалық акциясы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай елдегі барлық мектептерде «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» акциясы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты…

“Жаратылыс сыры — ғылымда” атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында химия пәні мұғалімі Бисекеева Айбану 7-сыныптар арасында “Қызықты математика” атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. 🎉

Нәтижесінде: 1-орын — 7 “Б” сыныбы 2-орын — 7 “А” сыныбы 3-орын — 7 “Ә” сыныбы Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін үлкен алғыс білдіреміз! Білімге деген қызығушылықтарыңыз арта берсін! #жаратылыстанупәндеріапталығы