«Келешектің кілті — сүйікті мамандық» атты кәсіби бағдар беру апталығы аясында мектебіміздің кітапханашысы Ақниязова Назгүл және кәсіби бағдар беруші Ерназар Ақмаржан 3–4 сынып оқушыларына арналған «Кәсіп туралы не оқуға болады?» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты — бастауыш сынып оқушыларына түрлі мамандықтар туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат беру, олардың болашаққа деген қызығушылығын арттыру және кітап оқуға ынталандыру. Іс-шара барысында балалар әртүрлі кәсіп иелерінің қызметімен…

«Келешектің кілті — сүйікті мамандық» атты кәсіби бағдар беру апталығы аясында кәсіби бағдар беруші Ерназар Ақмаржан мектебіміздің 5–6 сынып оқушылары арасында «Профориентациялық квест — Мамандық лабиринті» атты қызықты квест ойынын ұйымдастырды.

Шараның мақсаты — оқушыларға түрлі мамандықтар жайлы түсінік беру, олардың қызығушылықтарын анықтау және топтық жұмыс дағдыларын дамыту. «Мамандық лабиринті» квесті оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап қана қоймай, болашақ мамандықты таңдауға деген…

«Келешектің кілті — сүйікті мамандық» атты кәсіби бағдар беру апталығының жоспарына сәйкес 1–2 сынып оқушылары арасында «Мамандық әлеміндегі кейіпкер» атты видеороликтер байқауы ұйымдастырылды.

Байқау барысында оқушылар түрлі мамандық иелерінің рөлін сомдап, олардың қызметіне қатысты өз түсініктерін шығармашылық түрде көрсетіп шықты. “Дүкенші” рөлінде 1 “Ә” сынып оқушысы Серік Айназ Нұртасқызы. Оқушының шығармашылық жұмысына бағыт-бағдар…

Бүгін мектебімізде оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде, әсіресе өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету ережелері түсіндірілді. Қауіпсіздік мамандары оқушыларға өрттің алдын алу жолдарын, қауіпті аймақтан дер кезінде эвакуация жасау тәсілдерін, өзін және өзгелерді қорғау шараларын жан-жақты түсіндіріп, арнайы оқыту видеороликтерін көрсетті.

Шараның мақсаты — балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде абдырамай, дұрыс шешім қабылдай білуіне жол ашу. Оқушыларымыздың қауіпсіздігі — басты назарда! #1tutas_tarbie_mangystau #birtutas_tarbie2024 #oqu_agartu_ministrligi #rumcdo_official #mangystau_obl_bilim_baskarmasy #mangystau_obl_adistemelik #tupkaragan_bilim #tup_oqu_adistemelik_ortaligy

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында 7–8 сынып оқушыларына “Зорлық-зомбылықсыз әлем” тақырыбында тренинг өтті.

Оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және өзара құрмет мәдениетін нығайтуға бағытталған тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында оқушылар: – зорлық-зомбылық түрлерімен танысты; – қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажыратуды үйренді; –…

“Жаратылыс сыры — ғылымда” атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Бегенова Нұрзада 5-сыныптар арасында “Робот және жасанды интеллект” атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. 🎉

Нәтижесінде: 1-орын — 5 “Б” сыныбы 2-орын — 5 “Ә” сыныбы Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін үлкен алғыс білдіреміз! Білімге деген қызығушылықтарыңыз арта берсін!