Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай елдегі барлық мектептерде «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» акциясы өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін бекіту, заңға бағынудың және қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру.
Белгіленген күнде 7–11 сынып оқушылары үшін бірыңғай форматта мазмұндама жазу жұмысы ұйымдастырылды.
Іс-шара жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті дамытуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

