Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының кітапханасында Баутин ауылдық кітапханасымен бірігіп “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Тәкен Әлімқұлов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығына арналған “Бір дәуірдің қос үні» атты танымдық сағат өтті. 📚
Шара барысында ақын- жазушылардың өмірі мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, туындыларын оқып, талқылады.
Оқырмандар шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне үңіліп, өз ойларымен бөлісті.
Бұл шара “Бір ел – бір кітап – 2025” ұлт жобасы аясында қазақ әдебиетін дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 📖 Барша оқырмандарды кітап оқуға шақырамыз.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *