📚 5-сынып оқушылары үшін мектеп кітапханасында тақырыптық көрме және таныстырылым өтті. Кітапханашы Тобанияз Әлниязұлының өмірбаяны, ел үшін атқарған еңбегі жайлы әңгімелеп берді. Балалар тарихи фотосуреттер мен кітаптармен танысып, тұлға туралы қызықты деректер алды.
👥 6-сынып оқушыларына сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар Тобанияз Әлниязұлының батырлығы мен қайраткерлігі, сондай-ақ оның еліміздің тарихындағы орны туралы мәліметтер тыңдады. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тұлғаның ерлігін өнеге ретінде талқылады.
Мақсаты:
Оқушыларға Тобанияз Әлниязұлының өмірі мен елге сіңірген еңбегі туралы мағлұмат беру, отансүйгіштікке, тарихты құрметтеуге тәрбиелеу.
Қорытынды:
Іс-шаралар оқушылардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын оятып, Тобанияз Әлниязұлының ерлігі мен елге деген адалдығы туралы білімдерін толықтырды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *