“Тіл — әр ұлттың тағдыры” атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес қазақ тілі пәні мұғалімі Байжан Гүлдана 7 а сыныбына «Тұтас дәуірдің жұлдыз тұлғасы — Қаныш Сәтбаев» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру. Ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру.
Тәрбие сағатында ғалымның өмірбаяны, еңбек жолы, ғылыми майдандағы ерліктері аталып өтті. Сабақта тарихи тұлғаның ең асыл қасиеттері жайлы баяндалып, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық көптеген еңбектері айтылды. Адами құндылықтарды дәріптеген, өз мәнінде керемет өткізілген тәрбие сағат болды.