«Мың мамандық бәрі бар. Таңдап, талғап бірін ал!» атты кәсіптік бағдар беру апталығының жұмыс жоспарына сәйкес 9,10,11-сынып оқушыларының қатысумен мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, бейімдеу, кәсіби бағыт-бағдар беру, оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау мақсатында “Мамандығым — мақтанышым” атты әртүрлі мамандық иелерімен кездесу кеші өтті. Аталған іс-шараны ұйымдастырушы педагог Мұхамедиярова Шара ұйымдастырды.
Кеш қонақтары: Дәрігерлер — Мұрынов Жұмабек Көшкінбайұлы және Боқаева Айтөре Нұрғалиқызы, домбыра мұғалімі — Құрмантаева Шырынгүл Тұрғанбайқызы.
Тақырыптық кешке шақырылыған мамандық иелері өздері және мамандықтары жөнінде қысқаша таныстырды. Мектеп оқушылары әр түрлі бағытта сұрақтар қойып, жауаптар алды. Түрлі жағдаяттардан шығуда қызықты тапсырмалар ұсынылды. Сонымен қатар, кеш қонақтары оқушыларға өз тілектерін арнап, барлық мамандықтың қиын да қызықты сәттерімен ой бөлісіп, оқушыларға ақыл-кеңестер айтып өттіп, іс-шара соңында естелік суретке түсті.

