“Мектепке тағзым” жобасы аясында өз мектебімізден білім алған, қазір ауылымызға танымал кәсіпкерлерге арналған “Кешегі түлек — бүгінгі кәсіпкер” атты кездесу кеші өтті. Іс-шараны мектебіміздің 11-сынып жетекшілері мен оқушылары ұйымдастырды.
Атаулы кешке қонақ болып қатысқан мектебіміздің түлектері:
1. Сақтағанов Нұрғали Назарұлы
2. Жетегенова Сағира Тажиғалиевна
3. Рамазанова Бибігүл Дүйсеғалиқызы
Мектеп оқушыларының дайындаған көрінісімен кеш ашылуы басталды.
Көрермендерге кеш қонақтары жөнінде жеке-жеке тоқталып өмір жолы, білім алған уақыттары мен қызметі, жетістіктері таныстырылды.
Мектеп директоры Тажигулова Б. С. алғашқы сөз сөйледі. 11-сынып оқушысы Шоғыбай Бекбол «Ауылым» әнін орындады.
“Сұрақ-жауап” айдары бойынша оқушылар сұрақтарын қойды. Кәсіпкерлер оқушылардың сұрақтарына толық жауап беріп, өз естеліктерімен бөлісті. Өз өмір жолындағы қызықтары мен қиындықтарын айта отырып, кәсіпкерліктік аса маңызды екенін жеткізді. “Құпия есік” айдарында мамандардың балалық шақтары мен студенттік кездегі суреттері көрсетілді. Өз өмірлерінен тағы да әзілге толы қызықты сәттермен бөлісті. Мектеп басшысы Тажигулова Батырхан Султансиховна алдағы еңбек жолдарына сәттілік тілей отырып, мектеп ұжымы атынан естелік сыйлықтарды табыстады. Түлектермен кездесу кешінің соңында топ суретке түсіп керемет көңіл күйде, өз мәнінде жақсы аяқталды.
