Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл баршаңызға жағымды жаңалықтар, толағай табыс пен тың мүмкіндіктер әкелсін. Әрбір игі іс пен жаңа бастамаңызға сәттілік серік болып, еңбектеріңіздің жемісі мол болғай.
Отбасыларыңызға баянды бақыт, зор денсаулық, береке мен бірлік тілеймін. Жаңа жыл мерекелі де берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақтай берсін. Алдағы жылы да ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етіп, жарқын жетістіктерге жете берейік!
Жаңа жыл құтты болсын! 

Ізгі ниетпен, Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының директоры:
Икаева Ұлболсын Камидуллаевна
