Жиналыстың негізгі мақсаты – 9-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үдерісіндегі жетістіктері мен кездесетін мәселелерді талқылау, алдағы міндеттерді айқындау және ата-ана мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылының І тоқсаны бойынша сынып жетекшісі Б. Туешиева оқушылардың үлгерімі мен тәртібі, мектеп ережелерін сақтау және сабаққа қатысуы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар қорытынды аттестаттауға дайындық мәселелері қарастырылып, мамандық таңдау бойынша ата-аналарға кеңестер ұсынылды. Профориентолог маманымен және негізгі пәндер бойынша пән мұғалімдерімен сұхбат жүргізілді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *