Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 5 «Ә» сынып оқушылары үшін Тәуелсіздік күніне арналған шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік тарихы туралы тың мәліметтер алып, еліміздің құндылықтары мен жетістіктерін бейнелейтін суреттерді тамашалады.
Сонымен қатар, түрлі ойындарға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Шара оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихи санасын дамытуға үлес қосты.