Сабақты сынып жетекшісі Өсербаева Баян ұйымдастырып, оқушылармен бірге Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен тарихи маңызына тоқталды.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызын түсіндіру;
• Елі мен жерін сүюге, Отанды қастерлеуге тәрбиелеу;
• Ұлттық рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру;
• Патриоттық рухты арттыру;
• Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
Шара барысында оқушылар өлең оқып, ән айтып, өз өнерлерін көрсетіп, Тәуелсіздік туралы ойларымен бөлісті.