Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен «Ақбота» бөбекжайының сабақтастық жоспары бойынша қыркүйек айында мектеп тынысымен таныстыру мақсатында бөбекжай тәрбиеленушілеріне «Мектепке саяхат» күнін ұйымдастырды.
Мектебіміздің МДБСЖО Б.К. Изтлеуова “Ақбота” бөбекжайының тәрбиешілері мен бүлдіршіндерін қарсы алып, МАД сыныбының мұғалімдері Г.Мұқашева, Ж. Төлеуова, Н.Оралбаева оқушыларымен бірге мектепке саяхат жасап таныстырды.