3 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Жалелова Жанаргүлдің ұйымдастыруымен тәрбиелік мәні зор «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараға оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдер қонақ болып, түрлі ойындарға қатысып, қызықты сұрақтарға жауап берді. Балалар өздерінің ұстаздарына деген ыстық ықыласын арнау тілектер, өлең-жырлар арқылы білдірді.
Бұл шара оқушыларға ұстаз еңбегін құрметтеуге, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
✨ Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!
