Оқушылардың жинақы, ұқыпты әрі біркелкі киінуі — мектептегі тәртіп пен тәрбиенің маңызды бөлігі. Осыған байланысты төменде көрсетілген форма міндетті түрде сақталуы тиіс:
Ұл балаларға:
• Ақ жейде
• Қою көк түсті классикалық шалбар
• Қою көк түсті жилет немесе пиджак
• Қара аяқ киім
Қыз балаларға:
• Ақ кофта/блузка
• Қою көк түсті белдемше немесе сарафан (тізеден төмен)
• Қою көк жилет немесе пиджак
• Қара жабық туфли
Ескерту: Суық мезгілде рұқсат етілетін жылы, қарапайым киімдер (водолазка, колготки, свитер) мектеп формасының түсімен сәйкес болуы тиіс.
Барлық ата-аналарды осы талаптарды сақтап, балалардың мектеп формасына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Бірге болсақ — тәртіп те, тәрбие де нығаяды!
Құрметпен, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия әкімшілігі!