2025 жылғы 28 тамызда «Білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
👥 Кеңес жұмысына мектеп ұжымымен қатар Маңғыстау облысы білім сапасын бақылау департаментінің лицензиялау бөлімінің басшысы Сатыбалды Балуанияз Сенбайұлы, Түпқараған ауданының оқу-әдістемелік орталығының директоры Оразатова Роза Мәлікқызы қатысты.
Кеңес барысында жаңа оқу жылының негізгі бағыттары, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, педагогтердің кәсіби дамуы сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
✨ Жаңа 2025–2026 оқу жылы табысты басталып, ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, оқушыларымызға зор жетістік әкелсін!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *