“Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңі нәтижелерімен қуана бөлісеміз! 🏆✨ Оқушыларымыз аудандық деңгейде үздік нәтиже көрсетіп, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: 🥇 Тулеубай Еркебұлан – 1-орын, облыстық кезеңге жолдама 🥈 Нұрғазыұлы Исламбек – 2-орын 🥈 Нұрболатқызы Хиуаз – 2-орын 🥉 Байдәулет – 3-орын Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктерің құтты болсын! Білім жолындағы биік белестеріңіз көп болғай! 📚✨ Еркебұланға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! 📚✨

2 қараша күні мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Оқушылар өз білімдерін сынап, түрлі пәндер бойынша өзара бәсекеге түсті. Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз! Алдағы кезеңге жолдама алған үздік оқушыларға сәттілік тілейміз! 🌟

Ұлттық өнердің жанашырлары! Мектебіміздің 7-сынып оқушылары Республикалық жыршылар сайысына көрермен ретінде қатысып, жыр мен терме өнерінің ғажайып әлеміне саяхат жасады. Ұлттық дәстүр мен рухани құндылыққа толы бұл шара оқушылардың жүрегінде ерекше әсер қалдырды.

«Ой еркіндігі – болашақ көшбасшының кілті» атты мектепішілік пікірталас сайысы 💬

Бүгін мектебімізде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында пікірталас сайысы өтті. Бұл шараға 7, 8 және 9-сыныптың белсенді оқушылары қатысып, қоғамдағы…

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының жетістігі!

Мектебіміздің оқушылары жастар арасында әскери дайындық пен тәртіпті насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Сарбаз рухы – ел рухы» атты әскери-патриоттық сайысқа қатысып, III орын…

Ұлттық валюта – теңге күні! “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұлттық валюта – теңге күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық валютаның тарихымен, оның ел экономикасындағы маңызы мен рөлімен танысты. Теңгенің – ел тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі екені ерекше атап өтілді.