Навигация по записям Педкеңес «Білім сапасы – үздік мектеп болу кепілі» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесті мектеп басшысы Икаева Ұлболсын Камидуллаевна ашып, білім сапасын арттыру бағытындағы негізгі мақсаттар мен міндеттерді атап өтті. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды: 1-тоқсан бойынша білім алушылардың білім сапасының, оқу үлгерімінің қорытындысы. Гимназия сыныптарының сапасы, оқушылардың сабаққа қатысуының салыстырмалы мониторингі. I тоқсан бойынша қорытынды сараптау ( К.Турланова, М.Берікбай, А.Дүйсен) Негізгі пәндерден алынған бастапқы бақылау нәтижесінің қорытындысы туралы. Нөлдік кесінді қорытындысы негізінде қиындық келтірілген оқу мақсаттары бойынша жұмыстың ұйымдастырылуы (К.Турланова, Б. Ізтлеуова) 5-сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика пәндерінен білім алушылардың білім деңгейін саралауда БЖБ, ТЖБ қорытындысын талдау ( К.Турланова, Бірлестік жетекшілері) 1, 5-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі, мектеп оқушыларының эмоционалдық дамуы, 5-сынып оқушыларының негізгі пәндер бойынша білім сапасын салыстырмалы зерделеу қорытындысы( К.Турланова, Б.Ізтлеуова, А.Төлеуова) Жасанды интеллекттің мұғалім өміріндегі рөлі мен қолдану барысы (Ұ.Икаева) Педагогикалық кеңес барысында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар талқыланып, алдағы кезеңге арналған нақты іс-шаралар айқындалды. “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған “Жырлайды жүрек Шәмші әнін” атты әсерлі кеш өтті. Шараның мақсаты: Ұлы композитордың мәңгілік мұрасын насихаттау, оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және эстетикалық тәрбие беру.