Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының жетістігі!

Мектебіміздің оқушылары жастар арасында әскери дайындық пен тәртіпті насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Сарбаз рухы – ел рухы» атты әскери-патриоттық сайысқа қатысып, III орын…

Ұлттық валюта – теңге күні! “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұлттық валюта – теңге күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық валютаның тарихымен, оның ел экономикасындағы маңызы мен рөлімен танысты. Теңгенің – ел тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі екені ерекше атап өтілді.

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының жетістігі! Мектебіміздің оқушылары жастар арасында әскери дайындық пен тәртіпті насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Сарбаз рухы – ел рухы» атты әскери-патриоттық сайысқа қатысып, III орын иеленді! 🏅 Бұл жетістік – оқушылардың батылдық пен жауапкершілікті, Отанға деген сүйіспеншілікті бойына сіңіріп келе жатқан еңбегінің жемісі. Жарысқа қатысқан барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз! 👏

Педкеңес «Білім сапасы – үздік мектеп болу кепілі» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесті мектеп басшысы Икаева Ұлболсын Камидуллаевна ашып, білім сапасын арттыру бағытындағы негізгі мақсаттар мен міндеттерді атап өтті. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды: 1-тоқсан бойынша білім алушылардың білім сапасының, оқу үлгерімінің қорытындысы. Гимназия сыныптарының сапасы, оқушылардың сабаққа қатысуының салыстырмалы мониторингі. I тоқсан бойынша қорытынды сараптау ( К.Турланова, М.Берікбай, А.Дүйсен) Негізгі пәндерден алынған бастапқы бақылау нәтижесінің қорытындысы туралы. Нөлдік кесінді қорытындысы негізінде қиындық келтірілген оқу мақсаттары бойынша жұмыстың ұйымдастырылуы (К.Турланова, Б. Ізтлеуова) 5-сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика пәндерінен білім алушылардың білім деңгейін саралауда БЖБ, ТЖБ қорытындысын талдау ( К.Турланова, Бірлестік жетекшілері) 1, 5-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі, мектеп оқушыларының эмоционалдық дамуы, 5-сынып оқушыларының негізгі пәндер бойынша білім сапасын салыстырмалы зерделеу қорытындысы( К.Турланова, Б.Ізтлеуова, А.Төлеуова) Жасанды интеллекттің мұғалім өміріндегі рөлі мен қолдану барысы (Ұ.Икаева) Педагогикалық кеңес барысында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар талқыланып, алдағы кезеңге арналған нақты іс-шаралар айқындалды.

Педкеңес📈📚

🏫 «Білім сапасы – үздік мектеп болу кепілі» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесті мектеп басшысы Икаева Ұлболсын Камидуллаевна ашып, білім сапасын арттыру бағытындағы негізгі мақсаттар мен міндеттерді атап…