🏫 «Білім сапасы – үздік мектеп болу кепілі» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесті мектеп басшысы Икаева Ұлболсын Камидуллаевна ашып, білім сапасын арттыру бағытындағы негізгі мақсаттар мен міндеттерді атап өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1️⃣ 1-тоқсан бойынша білім алушылардың білім сапасының, оқу үлгерімінің қорытындысы. Гимназия сыныптарының сапасы, оқушылардың сабаққа қатысуының салыстырмалы мониторингі. I тоқсан бойынша қорытынды сараптау ( К.Турланова, М.Берікбай, А.Дүйсен)
2️⃣ Негізгі пәндерден алынған бастапқы бақылау нәтижесінің қорытындысы туралы. Нөлдік кесінді қорытындысы негізінде қиындық келтірілген оқу мақсаттары бойынша жұмыстың ұйымдастырылуы (К.Турланова, Б. Ізтлеуова)

