Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоспарына сүйене отырып 2025 жылдың 20 наурызы күні республикалық «Күй күмбірі» атты республикалық челленджі өткізілді. Челленджге 1-9 сынып оқушылары қатысып «Тепең көк», “Келіншек” күйлерін орындады.
Шара мақсаты:
Білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырады ойнау өнерін насихаттау
Шара міндеті:
Қазақ халқының музыкалық мәдениетіне білім алушылардың қызығушылығын ояту, орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, қазақ халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту, домбырада музыка орындаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.