Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында ««Оқу сауаттылығы: мән-мәтіндік
тапсырмалар және оны талдау жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға бастауыш сынып мамандары мен білім беру ұйымдарының орынбасарлары қатысты.
Облыстық семинар 2 кезең бойынша өткізілді.
1. Ашық сабақтар
2. Тәжірибелік бөлім.
Ашық сабақ кезеңінде Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдері Жамалова Назым қазақ тілі пәні бойынша 4-сынып “Етістіктің жіктелуі”, Сисенбаева Үмітгүл 3-сынып математика пәні бойынша “Жазбаша көбейту және бөлу, Иса Келбет 2-сынып жаратылыстану пәні бойынша “Ақырын жүрсең арманыңа жетесің бе?” Өмірбаев орта мектебінің бастауыштсынып мұғалімі Қоныршаева Гүлсая жаратылыстану пәні бойынша 3-сыныпқа “Үйкеліс күші деген не? тақырыптарында оқушыларға ашық сабақ өткізді.
Тәжірибелік бөлім кезеңінде Түпқараған аудандық білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Оразатова Роза алғы сөз сөйледі.
“Заманауи мұғалімнің цифрлық құралдары” тақырыбында Сұлтанова Арайлым шеберлік сағат өткізді.
Педагог-психолог Адилетова Светлана тренингтер топтамасын өткізді.
Бастауыш сынып мұғалімі Нурманова Фарида “Білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолындағы тапсырмалар жинағы” атты әдістемелік құралмен таныстырды. Бастауыш сынып оқу-ісінің орынбасары Инербаева Алия “Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингісі, МОДО-ға дайындық жұмыстары” тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары Жұмабаева Жеміскүл «Білім алушылардың оқу жетістіктерінін монторингісі» тақырыбында жалпы талдау жасап, оқу сапасы мен оны арттыру жолдарын баяндады.
Семинар соңында мектеп директоры Тажигулова Батырхан Султансиховна сөз сөйлеп, келген қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, білім саласында жоғары жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді. Семинар соңындағы қорытынды кезінде жоғарыда аталып өткен мұғалімдер сертификаттармен марапатталып, облыстық шараның өтуіне ықпал жасаған мектеп басшысы Тажигулова Б. С. “Алғыс хат” табысталды. Іс-шара соңында мұғалімдер естелік суретке түсіп, семинар өз мәнінде өте жақсы деңгейде аяқталды.