«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушылардың бойындағы ұлттық мүдде құндылығын ояту және олардың білімділігін, тапқырлығын, алғырлығын, зияткерлік ойындарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 10-11 сыныптың қыз балалары арасында «Мерген ару-2025» сайысы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы АӘД пәні мұғалімі Сафиев Нұрлыбек. Сайысқа қатысушы арулар шапшаңдық, ептілік, тапқырлық сынды қасиеттерімен сынға түсті.