“Өмірге “Иә” деп айт!” психология апталығының онкүндігі аясында ата-аналарға “Кибербуллинг және буллингтің алдын алу” жолдары тақырыбында мектеп психологы Төлеуова Айдана түсіндірме жұмыстары мен тренинг өткізді.
✅Мақсаты: Жасөспірімдер кезеңіндегі кездесетін буллингтің және кибербуллингтің айырмашылығын түсіндіру.
Кибербуллингтің салдарынан туындайтын қиыншылықтың алдын алу және буллинг, кибербуллинг туралы ақпаратты кеңейту.
✅Ғаламтор көмекші дос та, дұшпан да бола алатыны туралы, ғаламторға тәуелділік, сонымен бірге, жасөспірімдік жаста тәуелділіктің қалыптасу ерекшеліктерін, ғаламтор технологияларының көмегімен жүзеге асырылатын әрекеттер және тіл тигізу, бопсалау, қоқан-лоқы көрсету, жала жабу, алымсақтық түрінде көрініс беретін қудалау әдісі «кибербуллинг» ұғымымен таныс болды. Ата-аналар келесі қорытындыға келуі тиіс: ата-ананың басты міндеті – ғаламтор ресурстарын қауіпсіз пайдалануды балаларына үйрету. Бала кибербуллингке тап болғанда ата-ана не істей алатыны және ғаламтор бала үшін қауіпсіз досқа айналуы үшін өздерін қалай ұстау керек екенігі туралы толық ақпарат берілді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *