“Психоактивті заттардың алдын алу“ тақырыбында жобаны іске асыру мақсатында мектеп психологы Төлеуова Айдана мектебіміздің әкелеріне және оқушылар мен педагогтерге семинар тренинг өткізді.
Психоактивті заттардың (есірткі, алкоголь, темекі) адам ағзасына тигізетін зияны, олардың денсаулыққа, психикаға және болашаққа кері әсері туралы әңгіме жүргізілді.
Бұл семинардың нәтижесінде қатысушылар психоактивті заттардың зияны туралы толыққанды ақпарат алып, салауатты өмір салтын ұстануға мотивация алды.