1 «А» сынып оқушыларына арналған «Қош бол, Әліппе!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі жоғары деңгейде өтті. Бұл – білім әлеміне қадам басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды әрі әсерлі шара болды.
Шара барысында мектеп директоры Икаева Ұлболсын Камидуллаевна мен бастауыш сынып оқу ісі жөніндегі орынбасары Изтлеуова Баршагүл мерекемен құттықтап, білім баспалдағын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Ертеңгілік барысында оқушылар өлең оқып, ән айтып, өздерінің алғашқы білім жетістіктерін көрсетті. Бұл күн бүлдіршіндер үшін есте қаларлық, қуанышқа толы мереке болды.
📖✨ Әліппемен қоштасу – үлкен білім жолының бастауы!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *