Маңғыстау облысы білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылында ҚР Оқу — ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығын және Қ.Р. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірініші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын негізге ала отырып, келесі бос орындарға озық инновациялық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген білікті мамандарға конкурс жариялайды.
Қажетті мамандар саны:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар https://hr.nobd.edu.kz/ сайтында қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу (тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
12)Осы қағидаларға 12-13 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13)Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. (Ұсыным хат)
Құжаттар қабылдау 21.11- 01.12 аралығында жүргізіледі.
Байланыс телефоны:
8 (775) 420-78-28 Ниязбаева Жанат
@tupkaragan_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarma
