10–11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында ҚР ҚК жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері талқыланды. Кездесуге ҚР ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің жағалау күзеті екінші дивизионының командирі, 2-дәрежелі капитан Бүркітбаев Адил Камалович және 1-дәрежелі капитан Молжанов Нұрлан Серікканович арнайы қонақ болды.
Офицерлер әскери мамандықтардың маңызы, оқу орындарына қабылдау талаптары және шекара қызметіндегі қызметтің жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат беріп, оқушыларды болашақ мамандықты саналы таңдауға ынталандырды.
