Бүгін мектебімізде «Жаратылыстану сыры – ғылымда» атты жаратылыстану пәндері апталығы ресми түрде басталды. Апталық 17–21 қараша аралығында өтеді.
Апта бойы оқушылар үшін қызықты тәжірибелер, танымдық ойындар, пәндік сайыстар мен ғылыми ізденістерге толы шаралар ұйымдастырылады. Жаратылыстану әлеміне қызығушылық танытқан әр оқушы үшін бұл өз білімін шыңдап, жаңа ақпарат алуға үлкен мүмкіндік!
Барша оқушыларға сәттілік пен белсенділік тілейміз!
