.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасының негізгі қағидаттары, құқық пен міндеттің арақатынасы, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық түрлері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Сондай-ақ, өмірлік мысалдар арқылы заңдылықтың бұзылуының салдары мен оның жеке тұлғаның болашағына әсері туралы айтылды.
Сонымен қатар іс-шара аясында алғашқы әскери дайындық пәні бойынша 10–11 сынып оқушылары арасында сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің әскери-қолданбалы дағдыларын, төзімділік пен ептіліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен командалар аудан прокуратурасы тарапынан алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Іс-шара соңында прокуратура өкілдері жас буынды заң талаптарын сақтауға, қоғамның белсенді әрі жауапты мүшесі болуға шақырды.
Осындай профилактикалық және патриоттық бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың құқықтық және азаматтық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қоса бермек.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *