Білім мен өнерді ұштастырған оқушыларымыз республикалық «Future Skills» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін асырды!


11 “А” сынып оқушысы Каламова Камила – «Цифрлық модельдеу» құзыреттілігі бойынша I орын;

10 “Ә” сынып оқушысы Боранбай Арайлым – «Сән технологиялары» құзыреттілігі бойынша II орын;

9 “Б” сынып оқушысы Төлеген Інжу – «Киіз өнері – инстинг» құзыреттілігі бойынша II орын;

10 “Ә” сынып оқушысы Құнанбай Сәгдана – «Кестелеу өнері» құзыреттілігі бойынша «Үздік маман» атанды.
Ал Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы жалпыкомандалық есепте «Үздік команда» атағын иеленді!

Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Жетістіктеріңіз бен еңбектеріңіз жас ұрпаққа үлгі болсын!