25.09.2025 күні мектебімізде 1- сынып оқушылары қатысуымен «Мектептегі мамандықтар әлемі» тақырыбында мектепішілік экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін кеңейту, мектеп қызметкерлерінің қызметі жөнінде түсінік беру.
Экскурсия барысында оқушылар ең алдымен мектеп директоры Тажигулова Батырхан Султансиховнамен танысты. Мектеп басшысы оқушыларға жылы лебізін жаудырып, бүлдіршіндер әрі қарай мектебіміздің тазалықшы, күзетші секілді жұмысшы мамандықтарының қызметтері туралы білді. Сондай-ақ мектеп кітапханасымен, мектептегі медицина бөлмесі, мұражаймен толыққанды танысып, оның әр бөлігінің маңызын түсінді.
