Бүгін мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Шабыт» жобасын іске асыру мақсатында қарттар күніне орай “Ұстаз бақыты –шәкірт құрметі” атты ардагер ұстаздармен кездесу өтті.
Шараның мақсаты- бар ғұмырын ұстаздық қызметке, бала тәрбиесіне, халыққа қызмет ету шарасына арнаған мектептің ардагер ұстаздарын ұлықтау, оқушыларға өмірлерін өнеге ету, ұстаздар күнімен құттықтау.
Шараның құрметті қонақтары – Қалиева Баян мен Рамашова Гүлсім. Өздерінің өмірлік тәжірибесімен, ұстаздық жолдағы естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа өнеге боларлық тағылымды ойлар айтты.
Осындай кездесулер – ұстаз еңбегіне деген құрметті арттырып, шәкірттерге шабыт беретін маңызды дәстүр!