Ұстаз болу – адам өміріндегі ең мәртебелі де жауапты міндеттердің бірі. Себебі ұстаздық – тек білім берумен шектелмейді, ол – жас ұрпақтың жүрегіне ізгілік дәнін себу, бойына адамгершілік пен имандылықты сіңіру, болашаққа жол нұсқау. Бүгінгі күні қоғамымыздың өркениетті дамуы, еліміздің кемел келешегі, мемлекетіміздің іргесінің берік болуы Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге тікелей байланысты.
Осы мерейлі күні Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін!
Барлық ұстаздарымызға мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Шәкірттеріңіз елдің мақтанышы болып, биік белестерді бағындыра берсін!
Ізгі тілекпен,
Мектеп директоры Тажигулова Б.С.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *