19 қыркүйек күні мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында «Абайды таны, адамзат!» атты викториналық сайыс өткізілді.
🎯 Сайыстың мақсаты – ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең танып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ой-өрісін кеңейту болды.
📝 Шара барысында оқушылар Абайдың өмір жолы, өлеңдері, қарасөздері, аудармалары және әндері бойынша түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
🔥 Викторина тартысты да қызықты өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, ұлы тұлғаның мұрасына деген құрметін көрсетті.
🏆 Нәтижесінде үздік шыққан топтар мен оқушылар марапатталып, сайыс жоғары деңгейде аяқталды!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *