Бүгін мектебімізде «Үздіктер шеруі – 2025» іс-шарасы өтті. Бұл шара – жыл бойы оқу мен тәрбиеде ерекше жетістіктерге жеткен оқушыларымыздың еңбегі бағаланатын мереке. Олардың әрбір жетістігі – табандылықтың, ынта-жігердің және ата-ана мен ұстаз еңбегінің жемісі.
Мектебіміздің мақтанышы болған барлық оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Әрқайсыңызға алдағы уақытта да биік асуларды бағындырып, білім мен еңбектің арқасында елдің дамуына үлес қосатын азамат болуларыңызға тілектеспіз.