Мектебімізде мамыр айының 16-ы күні Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Атаулы шарада әр түрлі олимпиадалар мен жарыстардың, байқаулардың, сайыстардың жеңімпаздары, ақылды әрі жалынды жас өркендеріміз Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Іс-шарада мемлекеттік туымыз кіргізіліп, гимн орындалды. Мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілері мақсаты биік, міндеті айқын жас өрендеріміздің көк галстуктарын тақты. Бойлары жігерге толы, ел өркениетінің дамуына сүбелі үлес қосуға жас өскіндеріміз сапта тұрып ант етті. Болашақта мектеп қабырғасындағы маңызды іс-шараларға белсенді қатысатын, сабақты үнемі жақсы оқитын үлгілі оқушылар қатарынан көреміз деген мол сенімдеміз.
