Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Толарсақтан саз кешкен ерлеріміз бораған оқтың ішінде «Елім деп туған жүректен Отан үшін,жер үшін,ұрпақ үшін»деп,ұрандап жауға қарсы тұрды.Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ.
Бүгін Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 80 жыл.Соғыс ардагерлерінің ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына,жақын-жандарына,туған жеріне,ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл еліміз еске алады,майдандастар рухына тағзым етеді.
Уақыт озады,зұламаттан аман оралған ардагерлер қатары жыл санап азайып барады.Осы соғысқа біздің ауданымыздан да аттанған жауынгерлер аз болмады,Солардың бірі 1941-1945 жылдары Отанын қорғап,жер бетіне бейбітшілік орнату үшін,болашақ ұрпақтың бақыты үшін кұресе білген нағашы атам Сисенбаев Молдабек Сисенбайұлының өмірбаянын,соғыс кезіндегі ерліктері мен марапаттары,қызмет жолы туралы баяндаймын.
Менің нағашы атам Сисенбаев Молдабек 1924 жылы 18 желтоқсанда Гурьев облысы Тельман (қазіргі Маңғыстау облысы С.Шапағатов) ауылында дүниеге келген. Атам 1942 жылы қыркүйек айында Ф-Шевченко қаласынан моторға тиеліп,соғысқа аттанып кеткен.Содан Владивасток қаласының Тынық мұхитына әскер қатарына түсті.Соғыста пулеметчик болған.
Орден, медалдарымен наградталған. Соғыс аяқталғаннан кейін Жапон соғысына қатысып, 1950 жылы елге оралған. Елге келгеннен кейін соғыстан зардап шеккен халқының еңсесін көтеру үшін еңбекке араласты. Көптеген лауазымды жұмыстар атқарып, наградалармен, құрмет грамоталарымен марапат алды.
Атам соғыстан оралған соң отбасын құрды. Дүниеге үлкен ұлы келгенде соғыс кезінде Тынық мұқитта әскер қатарында болған күндерін еске алып, ұлына Мұхит есімін қойды. Атам жеті бала өсіріп, тәрбиелеген. Екінші ұлы Хамит әке тәрбиесін көрген,әкенің сара жолымен жүріп, бүгінде әкесінің еңбек еткен орнында жұмысын жалғастырып келеді.Жапырағы жайылып,өрісі кеңейген шаңырақ иелері. Атам бала-келіннің қолында немере қызықтап,базарлы ғұмыр кешті
Мен нағашы атамның ерлік істерін,бейбіт күндердегі ерен еңбектерін ұрпақ алдында мақтан етемін.Ұрпағымызды бейбіт өмір астында өмір сүруге жазсын.
Атам бірнеше Орден, медалдармен награтталған.
1.Япония қаласын жаудан азат еткені үшін.
За боевые заслуги над Японий медалімен марапатталған
2.1985 Ерлік үшін Ұлы Отан соғысының 2-ші дәрежелі орденімен марапатталды.
3.Кеңес армиясының және флотының 15 жылдық мерейтойына байланысты медальмен марапатталды.
4.Ұлы Жеңістің 20,30,40,60,жылдығына медальдар мен марапатталды т.б. көптеген марапаттары бар.
Еңбек жолы
1950 жылы елге оралғаннан кейін Атам бірнеше қызметтер атқарған
1950-1952 жылдары Форт-Шевченко қаласының аудандық комитетінде инструктор қызметін атқарған.
1952-1956жыл Маңғыстау облысының Таушық ауылында бөлім меңгеруші болған.
1959-1964жыл Форт-Шевченко қаласының АТП директоры
1976-1979жыл КПП карьерасынң директоры болған.
1983-1985жыл Баутин кентіндегі нефте базаның директоры.
1985 жыл соңында ҚҰрмет демалысына зейнеткерлікке шықты.
Мен нағашы атамның ерлік істерін,бейбіт күндердегі ерен еңбектерін ұрпақ алдында мақтан етемін.Ұрпағымызды бейбіт өмір астында өмір сүруге жазсын.Барша оқырмандарды,студенттерді Ұлы Жеңістің 80жылдығымен құттықтаймын!
Догдырбаева Жанаргул.Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледж кітапханашысы.
