«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді» деген ұстаныммен бала тәрбиесімен қоса жүз жылдығын ойлаған мектеп ұстаздары және қазіргі таңда Жалау Мыңбаев атындағы мектеп – гимназиясында білім алып жатырған жас түлектеріміз және 7-10 сынып оқушылары «Ағаш егу» экочелленджіне белсен қатысты. Іс –шара мақсаты — туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға, еңбекке баулу. Ағаштар да басқа өсімдіктер тәрізді. Бірақ олар бірнеше ғасырға дейін өмір сүреді. Ағаштардың ауаны тазартудан басқада пайдасы өте көп. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоныржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Іс-шара барысында мектеп ғимаратының ауласына 56 түп ағаш егілді. Олардың ішінде 26-ы – жеміс ағаштары, қалған 30ы біздің климатқа бейімделуіне оңай болатын көлеңке, оттегі болар ағаштар.
Экологиялық акцияға 24 мұғалім мен 50 оқушы белсене қатысты. Сонымен қоса мектеп парламенті мүшелері мен «Жасыл желек» клубы мүшелері, мектептің үздік оқушылары, Республика деңгейінде жетістікке жеткен оқушыларыз өз үлестерін қосты.. Оқушылар тек еңбек дағдысын қалыптастырып қана қоймай, табиғатқа жанашырлықпен қарау, ұжымдық жауапкершілік, қоршаған ортаға қамқорлық жасау сынды құндылықтарды бойына сіңірді.
«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды,»- дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстап, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, қаламыз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз. Бұл шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.
